Биллилогия Еуразиялық Зерттеу Институты


Институт 07.07.2007 жылы қалыптасқан. Оның негізін қалаушы және бас директоры профессор, филология докторы Тен Чу болып табылады. Институт директоры – Жапонияның бірінші дәрежелі сәулетшісі Юджи Имайо. Институт әрекетінің басым бағыты швейцариялық F.I.G.U қоғамын ресми жариялау және идея өңдеумен байланысты. Еуразиялық Биллиология Зерттеу Институт алдына «Билли» Э.А. Майердің көптеген еңбектері мен басылымдарында баяндалған Ақиқат оқуының қағидаларын зерттеп, оларды ТМД, Орта, Орталық және Солтүстік-Шығыс Азия елдерінде түсіндіріп әйгілеп, таратып, аударып және оның туындыларын жарыққа шығарып, сонымен қатар осылардың негізінде оқу бағдарламасын қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Болашақта «Билли» Институты Ақиқат оқуы қағидасының рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын Университет ашуды жоспарлауда.